Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен 6 ақпан Халықаралық фестивальдердің лауреаты Дәулеткерей атындағы қазақ халқы аспаптары оркестрінің 20 жылдығына орай Қазақстан композиторларының шығармаларынан құралған «Көк байрағым, желбіре» атты концерт өтті.
Кеш қонақтары – Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор Балнұр Қыдырбек, Қазақстан одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі Сәукен Әліш қатысты.
Концерттік бағдарламада оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры - «Құрмет» орденінің иегері, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Еркін Нұрымбетов, Дирижер - «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жарас Сатыбалды. Жеке орындаушылардан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Хатимолла Бердіғалиев, ҚР еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Рахимова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері -
Жаскелең Ғайсағалиев, Дастан Есентеміров, Айбар Хайырханов, ҚР «Мәдениет қайраткері» - Жамиля Нұрымбетова, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаттары Ернар Өмірәлі және Гаухар Бекмашева секілді өнерпаздар тамаша өнер көрсетіп, халықтың ыстық ықыласына ие болды.