«Орал сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі
/Жетекшісі Асқар Кенжеғалиев/
Облыстық филармонияның жанындағы «Орал сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі 1991 жылы ежелден келе жатқан ұлттық музыка аспаптары мен әндерді насихаттау мақсатында құрылды.
1997 жылы Түркияның Искендерун қаласында өткен XVI фольклорлық-этнографиялық халықаралық фестивальға ҚР өнер ұжымдары атынан қатынасқан ансамбль, ұлттық музыкамызды насихаттағаны үшін дипломант атанды.
«Орал сазы» ансамблінің репертуарында түрлі домбырашылық дәстүр мектептерінің күйлері бар. Атап айтқанда, ансамбль дәстүрлі Батыс Қазақстан төкпе күйлерімен қатар Сыр елінің, Арқаның, Жетісу аймағының, Шығыс Қазақстанның шертпе күйлерін, қазақ, орыс, қырғыз, түрік, татар халықтарының әндері мен шетел классиктерінің шығармаларын да шебер ойнайды. Сонымен қатар, бұл музыкалық ұжым Қазақстан композиторларының: А.Жұбанов, Л.Хамиди, Е.Брусиловский, Н.Тілендиев, Б.Жұманиязов, К.Күмісбеков, А.Жайымов, Е.Үсенов, Е.Хасанғалиев, І.Жақанов, Т.Шәмелов, Д.Қажымовтардың т.б. композиторлардың шығармаларын насихаттайды.