Күй – қазақтың жаны. Күй қазақтың елдігін, көңілінің кеңдігін білдіреді. Күй - біздің мәдинетіміз бен тарихымыз.
30 қаңтар сағат 17.30-да халық композиторы, төре күйлерінің негізін қалаушы – Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығы мен Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің 20 жылдығына арналған жыл тақтасының ашылуы өтті. Шара бабамыздың тарихы мен шығармашылығы, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің 20 жылдығана жоспарланған жұмыстар туралы баяндалған баспасөз-конференциямен және «20 жылға – 20 концерт» жобасының алғашқы концерті «Бапас күйші» кешімен жалғасты.
Концерттік бағдарламада оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры – «Құрмет» орденінің иегері, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Еркін Нұрымбетов, дирижерлер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қырымгерей Қажымов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жарас Сатыбалды, жеке орындаушылардан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Хатимолла Бердіғалиев, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері – Едіге Нәбиев, Айбар Хайырханов, ҚР «Мәдениет қайраткері» - Жамиля Нұрымбетова, Мәдениет саласының үздігі Ербол Губайдуллин, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаттары – Аңсар Бердіғалиев, Жеңіс Өтеуов, Гаухар Жанғалиева, Ақмарал
Кемелханова, Ақсамал Қанатқалиева және Ескендір Нұрмағанбетов, Алтынгүл Алдабергенова, Әділет Жолдығали, Подстёпное балалар музыка мектебінің «Теректім» ансамблі және Мәдениет саласының үздігі Камалиден Айтбаев секілді өнерпаздар өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды. Дәулеткерей күйлері күмбірлеген кешке жиналған көрермен өнерпаздардың өнеріне ыстық ықыластарын танытып, қошеметтерін білдірді.