Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 8 қараша күні филармония залында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің «Халықтың ғажап әндері-ай» атты концерті өтті. Шараның мақсаты ұлттық өнерді ұлықтап, өнер сүййер көрерменге жеткізу болатын. Ұлттық өнердің ұлылығына тәнті болған көрермен алғыстарын білдірді.