19 қазан күні “Нұр Отан” залында Қазақстанның халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері Бағдат Сәмиденованың «Мен даланың қызымын» атты концерті өтті.
Батыс өңіріне өнер сапарымен келген әнші Бағдат Сәмидинованы Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы қабылдап, ізгі тілегін білдіріп, ықылас гүлін жолдады.
Ел-жұртты ұйытқан өнер жұлдыздары аудан тұрғындарында назардан тыс қалдырмай концерт қойды.
Концертте «Қазақстан», «Бегімайдың арманы», «Сарыарқа», «Өмір жолы», «Отырардағы той» сынды әндерін тамылжыта орындап, көптен күткен көрерменнің сағынышын басты. Әрбір әніне қол соққан халық, әншінің құшағын гүлге толтырды.
Сондай-ақ, Ақ Жайық өңіріне танымал, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері, әнші Еркін Өтегенов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаңылсын Хасанова, «Назерке» халық биі ансамблі қатысып, өнерлерін көрерменге тарту етті.
Ақжайық жұртшылығына ән шашуын арнай келген ел өнер майталманына деген құрмет пен сағыныш көзі қарықты көрерменнің ыстық ықыластарынан, шынайы пейілдерінен анық байқалды. Концерттен көтеріңкі көңіл күймен тарасқан көрермендердің көңілінен қуаныш пен ұйымдастырушыларға деген ризашылық байқалып тұрды.