Бүгін Казталов ауданы тұрғындарына ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші, Қазақ КСР халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің 110 жылдығына орай «Ән дүлділі – Ғарекең» атты турне өтті. Батыс Қазақстан облысы аудандарына жоспарланған турне өз мәрсіне жетті. Негізге мақсат тұрғындарға аты аңызға айналған Ғарифолла Құрманғалиевтің өнерін дәріптеу болатын. Кеш соңында Казталов ауданы әкімі Абат Абайұлы сөз сөйлеп, Алғыс xат табыс етті.