Бүгін ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші, Қазақ КСР халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің 110 жылдығына орай «Ән дүлділі –Ғарекең» атты турне жалғасы Жәнібек ауданында өткізілді. Кеш барасында Жәнібек аудан әкімі Азамат Сафималиұлы ұжымға қош келдің тілегін арнап, алғыс хат табыс етіп, кеш соңында ықылас гүлін ұсынды. Ертең 23 мамыр күні Казталов ауданында жалғасын таппақ.