Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен 11 сәуір күні сағат 15.00-де облыстық филармониясының концерт залында құдіретті музыка әлеміне сүбелі үлес қосқан, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындаушылар арасындағы республикалық вокалистер конкурсының II кезеңі өтті.
Конкурстың I кезеңінен іріктеліп шыққан 16 үміткер өнер көрсетті.
12 сәуір күні сағат 18.00-де конкурстың гала-концерті Нұр Отан залында өтеді.