2019 жылдың 28 наурыз күні өнердің қара шаңырағы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дүлдүл әнші, композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жылдығын айшықтайтын жыл тақтасының ашылу салтанаты өтті.
Жыл тақтасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиев пен Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті, ҚР еңбек сіңірген артисі Сәуле Таудаева ашты.
Үш жүзге ән оздырған, артына мол мұра қалдырған Ғарифолла Құрманғалиевтың өнері мен шығармашылығын насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында «Ән дүлділі – Ғарекең» атты дәстүрлі әншілер мен «Орал саз» фольклорлық ансамблінің қатысуымен концертімен ұйымдастырылып және Тұңғыш Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» жобасын жүзеге асыру мақсатында тарихи ғимартымыздың ішкі-сыртқы көріністерін қолжетімді тамашалау мақсатында «Виртуалды тур» жобасы іске қосылды.
Шара жалғасы алғаш рет қала тұрғындарының уақытын тиімді өткізу мен өнерпаздарды дәріптеу мақсатында филармония түнімен жалғасын тапты. Дәулеткерей атындағы халық аспаптары оркестрі, «Назерке» халық биі ансамблі, «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Классика» ансамблі және жеке солисттер әуезді әуен, күмбірлі күй мен мың бұралған би өнер сүйер көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Филармония жұмысын бұқара халық арасында насихаттауда бір серпіліс берген шараға көрермендер тарапынан ыстық ықыластары мен алғыстар толассыз айтылды. Алдағы уақытта да филармония жұмыстарын жаңаша форматта насихаттау жалғасын таппақ.