Бүгін Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының директоры Асхат Тарасұлы Қажғалиев елімізге танымал әнші, сазгер Әл-Фараби Бекарысұлын қабылдады. Арайлы Ақжайық еліне «Жайықты жаным сүйеді» деп ән шашуын ала келген әншінің бүгінгі кешіне сәттілік тілеп, шығармашылықтың биік шыңына шығуды тіледі. Әншіге Ақжайық елі атынан күллі қазақтың рухына айналған ақын Жұбан Молдағалиевтің энциклопедиясы тарту етілді.