Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония "Орал сазы" фольклорлық ансамблінің жетекшісі Асқар Мұхамбетқалиұлы Кенжеғалиев мұхит асып, Американың Техас штаты Детройт қаласына аттанды.
Бұл жердегі басты мақсат қазақтың қара домбырасын, күй өнерін қандастарымызға насихаттап, үйрету.
Бірнеше жылдар бойына «WhatsApp » , «Viber» «Телеграм» арқылы онлайн форматта мұхиттың арғы жағындағы қандастарымызға домбыра тартуды үйретіп жүрген Асқар Мұхамбетқалиұлы 6 айлық келісімшартпен арнайы сабақ өткізбек ойда.
Күйшілік өнерді насихаттап жүрген Асқар Мұхамбетқалиұлына шығармашылық табыстар мен зор денсаулық тілей отыра, шәкірттеріңіз әлемдік деңгейде ұлттық өнерді насихаттай берсін демекпіз.
Алдағы күндері Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы Асқар Мұхамбетқалиұлымен әлеуметтік желі арқылы тікелей байланысқа шығуды жоспарлап отыр.