27 қараша Алматы қаласында ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің қолдауымен, Құрманғазы оркестрінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық артисі, күйші-композитор Тұяқберді Шәмелов атындағы көше ашылды.
Іс шара күйші-композитордың әндерімен күйлерінен жинақталған "Анаға толғау" дисктің тұсаукесерімен және Құрманғазы оркестрінің ұйымдастырған "Күймен өткен ғұмыр" атты концертімен жалғасты. Аталмыш шараға БҚО Мәдениет басқармасы басшысы орынбасары Гүлмира Жоламанқызы Кауланова, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директоры Асхат Тарасұлы Қажғалиев құрметті қонақ ретінде қатысты. Тұяқберді Шәмелов атындағы тұңғыш республикалық конкурстың бас жүлде иегерлері Дастан Есентеміровпен Ернар Өмірәлі гала концертте өнер көрсетті.