Ағымдағы жылдың 12-14 қазан күндері Ақмола облысы Көкшетау қаласында ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен "Сәлем Елорда" атты өнер фестиваліне Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы атынан бір топ делегат қатысты. Фестиваль барысында СММ ақпарат мамандарына арналған семинар тренингтер, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Мұратұлы Дәуешовтың қатысуымен мекеме басшыларына арналған көркемдік кеңес жұмысы оздырылды. Көркемдік кеңесте филармония директоры Асхат Қажғалиев филармонияның карантин кезіндегі жұмыстары және жаңа жобалары жайында баяндама жасады.Филармония әншілері "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Айбар Хайрханов, халықаралық конкурстардың лауреаты Бибигуль Рысқалиева аталмыш фестиваль аясындағы гала концертте ән айтып көрермен ықыласына бөленсе, филармония ақпарат бөлімі жетекшісі Олжас Сейтимов СММ мамандарына арналған семинар тренингтерге қатысып, әріптестер арасында өз тәжірибесімен бөлісті.
https://www.instagram.com/tv/CVVsq5vjowb/?utm_medium=share_sheet