20-21 қазан күндері «Атамекен» өнер ордасының концерт залында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының «Махаббат әуендері» атты эстрадалық әншілердің концерті өтті.
Қалың көрерменнің сұрауымен екі күн бойы өткен кешке халық көп жиналды.
Сахна шымылдығы «Назерке» халық би ансамблінің орындауындағы «Вальс» биімен ашылды.(Балетмейстерлері А.Тасболатова, М.Сүндетқалиева.) Кештің көрігін қыздырған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Марат Сарбупеев, Еркін Өтегенов, Айбар Хайырханов, «Мәдениет саласының үздігі» Ақмарал Ахметова, Дария Бақытова, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаттары Grand Men`s» тобы, Мәулет Жұбатов, Айым Шекеева, Галина Калашникова, Айдана Ажғалиева, Медет Оразов, Дархан Құлбабаев, Қанат Төлепқалиев, Асель Қуанышева, Айдана Орынғалиева, Дильназ Жасқайратова, Дана Жағыпарова,Тарас Жауынбаевтар әсемде әуезді әндерін жанды дауыста шырқады. "Салтанат" би ансамблі / жетекшісі Бұлбұл Сапарғалиева, Мейрамгүл Таңатова/ және «Step up» би тобы тобы /жетекшісі Сұлтан Даутов/ бимен көркемдеп, Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚУ дың өнер бөлімінің студенттері /жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әсел Мамбетова/ кештің сәнін әсем қойылымымен көркемдеді. Кеш барысында «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаскелең Ғайсағалиев көпке танымал Исраил Сапарбайдың сөзіне жазылған, Бауыржан Тұрғараевтың «Махаббат мәңгі ертегі» әнін көрермен қауыммен қосылып бірге шырқады. Тамаша кештің куәсы болған көрермендер ризашылықпен қол соғып, алғыстарын білдірді.