Еліміздің әр өңірінен келген өнерпаздар бас қосқан бұл жобаның гала концертінде филармониямыздың әншілері "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Айбар Хайрханов және халықаралық байқаулардың лауреаты Бибігүл Рысқалиева өнер көрсетті. Аталмыш фестиваль аясында ҚР Мәдениет және Спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың қатысуымен республикалық көркемдік кеңестің отырысы өтті. Отырыста Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директоры Асхат Қажғалиев филармонияның карантин кезіндегі жұмыстары туралы баяндап, осы кезеңде жаңадан іске қосылған жобаларды таныстырды.