Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының директоры Асхат Тарасұлы Қажғалиев, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, классикалық жанрдағы әнші, академиялық ән салу өнерінің шебері Айбар Хайрханов, филармония ақпарат бөлімі жетекшісі Олжас Сейтимов Ақмола облысы Көкшетау қаласының "Көкше нұры" ақпаратты сазды бағдарламасына қатысты. Бағдарламада Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының құрылғанына 55 жыл толуына арналған іс-шаралар, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп отырған "Сәлем Елорда 2" жобасы, карантин кезіндегі атқарылған жұмыстары айтылып, филармонияның алға қойылған жоспарлары талқыланды. Бағдарлама соңы Айбар Хайрхановтың орындауында Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнімен аяқталды.