Биыл Ақмола облысы Көкшетау қаласында өнер фестивалі ұйымдастырылып, байланысты нығайту мақсатында шеберлік сағаттары өтуде. Өңірлік концерттік ұйымдардың ақпарат саласына жауапты мамандарына арналған шеберлік сағаттарын журналист, әлеуметтік ғылымдар магистрі, ҚР МСМ сайтының жетекшісі Жапек Мейрамхан Сағынқызы өткізуде. Осы шеберлік сағатқа Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ақпарат бөлімі жетекшісі Сейтимов Олжас Нұрланұлы қатысуда. Олжас Нұрланұлы филармониямыздың әлеуметтік желідегі жұмыстарын, карантин кезіндегі өткізілген авторлық жобаларын еліміздің әр аймағынан келген әріптестеріне таныстырып, тәжірибемен бөлісуде.