11 маусым күні филармонияның кіші залында Халық композиторы, батыс ән мектебінің негізін қалаушылардың бірі, ақын Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығына арналған «Мұхиттың ән мұрасы» атты Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының дәстүрлі әншілерінің концерті өтті.
Концертте «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Сәуле Таудаева, ҚР Мәдениет саласының үздігі, "Құрмет" орденінің иегері Қайрат Кәкімов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Күләш Қуанышқалиева, Дастан Есентеміров,Ернар Өмірәлі, Республикалық конкурстардың лауреаттары Серік Абдрахманов, Фархат Оразов, Ақмарал Кемелханова Бейбіт Қажғалиев, Назгүл Хабиева өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Ұзақ мерзімді карантин кезеңінен кейін өнерпаздар мен көрермен арасындағы бір біріне деген сағыныш, зор қошеметтерінен білініп тұрды.
Көрермендердің концертке келуі барысында санитарлық талаптар сақталып «Ashyq» қосымшасымен және QR-код пен көрермендер тексерістен өту арқылы қатысты.