БҚО мәдениет басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 7 наурыз күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Ару қыз, сұлу әйел, асыл ана...» атты сазды мерекелік концерт өтті.
Мерекелік кешке зиялы қауым өкілдері, түрлі сала қызметкерлері және ардагерлер, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы сөз сөйлеп, барша әйел затын айтулы мерекелерімен құттықтады.
Мерекелік шарада қаламыздың өнер ұжымдары өнер көрсетіп, зал толы көрермендердің ыстық қошеметіне ие болды. Кеш соңында шара ұйымдастырушыларға және өнерпаздарға облыс әкімі атынан ықылас гүлі табыс етілді.