Күй-керуенінде шөккендей қара Нар бүгін,
Ұлы өнердің сезесін даладан мұңын.
Домбыра қалды, аттанды келмеске күйші,
Жаратқан бүгін әкетті қалаған ұлын.
Ұлы өнердің сезесін даладан мұңын.
Домбыра қалды, аттанды келмеске күйші,
Жаратқан бүгін әкетті қалаған ұлын.
Өлеңге тағы ақтарып сырымды өрейін,
Асқақтап аға тұрушы ед(і) бұрын мерейің.
Ойналды-ау бүгін өмірдің соңғы нотасы,
Жайығы енді жоқтайды Қырымгерейін.
Асқақтап аға тұрушы ед(і) бұрын мерейің.
Ойналды-ау бүгін өмірдің соңғы нотасы,
Жайығы енді жоқтайды Қырымгерейін.
Ертеңге тарих боп қалды елдегі үлгің де,
Үзілер сәтін өмірдің пендең білді ме?
Ұлылар кеткен ізбенен ілесе жүріп,
Ескендір мінген кемеге сен де міндің бе?!
Үзілер сәтін өмірдің пендең білді ме?
Ұлылар кеткен ізбенен ілесе жүріп,
Ескендір мінген кемеге сен де міндің бе?!
Өнерде өшпес өнеге таратқан ұлсын,
Панаға алар алдыңнан Жаратқан болсын.
Төрінен түспей өтіп ең Қазақ елінің,
Орының енді МАЭСТРО Жәннаттан болсын.
——————————————————————————
Қош Қырымгерей аға!
Панаға алар алдыңнан Жаратқан болсын.
Төрінен түспей өтіп ең Қазақ елінің,
Орының енді МАЭСТРО Жәннаттан болсын.
——————————————————————————
Қош Қырымгерей аға!