2019 жылдың 26 ақпан күні сағат 18.00-де Нұр Отан залында алты алашқа ән оздырған Мұхит пен Ғарифоллалардың ізін басып, өнерін дәріптеп жүрген, ерекше дауыс иесі ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, әнші-термеші Қайрат Какимовтың «Әсем әні асқақтап» атты концерті өтті.
Кеште «Sarmad» этно-фольклорлық ансамблі /жетекшісі Б.Ақтаев/, Республикалық конкурстың лауреаттары Берік Амантаев, Данияр Елеуов және әке жолын қуған Бақтоты Какимова қатысып, өнерлерін көрерменге тарту етті.
Кеш соңында өнер иесі Қайрат Какимовқа облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадірболат Қабдырұлы облыс әкімінің орынбасары Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы атынан Алғыс хат табыстады.