Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ұйымдастыруымен 12 ақпан күні филармония залында жұбантанушы, ағартушы, ұстаз, тіл жанашыры, журналист Социал Жүркейұлы Пұсырманның «Жұбан жас ұрпақтың жүрегінде» атты кітабының тұсау кесер рәсімі өтті.
Тұсау кесер рәсімін ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков және ұстаз, қоғам қайраткері филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Бөкенбайұлы Сабыр жүргізді. Шарада қаламгердің немерелері Нұрәлі Социал мен Аружан Социал Жұбан ақынның өлеңдерін оқып, филармония артистері Жұбан ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады.