15 желтоқсан күні Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты мерекелік концерт өтті.
Шараға өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев қатысып, көрерменге мерекелік ізгі тілегін жеткізді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында енбегі еленген әр саланың қызметкерлері ҚР Президентінің жарлығы бойынша мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның ішінде филармонияның қызметкерлеріде бар. Атап айтқанда Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншілері Сауле Таудаеваға «Құрмет» ордені және Ернар Өмірәліге «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді.
Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өткен мерекелік кеште «Орал сазы» фольклорлық ансамблі /жетекшісі А.Кенжеғалиев/,«Назерке» халық биі ансамблі /балетмейстерлері А.Тасболатова, М.Сүндетқалиева/, «Классика» камералық ансамблі /жетекшісі ҚР «Мәдениет саласының үздігі» В.Баяндин/, «Step up» би тобы /жетекшісі С.Дәуітов/, «Салтанат» би ансамблі /жетекшілері Б.Сапарғалиева,М.Таңатова/, концермейстер Д.Давлетярова, «Құрмет» орденінің иегері Қ.Какимов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ж.Хасанова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері А.Хайырханов, Республикалық конкурстардың лауреаттары А.Ахметова, А.Жұмалиева, Г.Калашникова, Б.Рысқалиева А.Оразов, А.Тұрарбеков, Қ.Төлепқалиев өнер көрсетті.