Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен қазақ өнерінде ойып тұрып орын алған, қара домбырада қалықтай шалқытқан күйімен барша қазақты тамсандырған, Қазақстанның халық артисі, күйші-композитор, жерлесіміз - Тұяқберді Шәмеловті еске алуға арналған «Әуелеп өткен саз-ғұмыр» атты кешіміз өткізілді.
Кеш барысында Дәулеткерей атындағы халық аспаптары оркестрі жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» ордені иегері Еркін Нұрымбетов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Қырымгерей Қажымов, «Құрмет» ордені иегері, дәулескер күйші Ермек Қазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиев, ҚР еңбек сіңірген артисі Қанатқали Қожақов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, ҚР мәдениет қайраткері Жамиля Нұрымбетова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Еркін Өтегенов, Дастан Есентеміров, Айбар Хайырханов және түрлі республикалық байқаулардың лауреаты Ернар Өмірәлі, Ақылбек Бектасов өнер көрсетті.
Жерлесіміз Тұяқберді Шәмеловті еске ала отырып, кеш соңында Бөкейорда ауданының әкімінің орынбасары Лариса Телманқызы Қайырғалиева, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының директоры Асхат Тарасұлы Қажғалиев сөз сөйледі.