30 қараша күні Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі, Республикалық байқаулардың лауреаты Ернар Өмірәлінің «Әуеле, әнім, шарықта» атты кеші өтті. Концертте Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының артистерімен қатар, кеш иесінің ұстазы «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Баян Қабиеваның жетекшілігімен үлгілі «Қыз Жібек» термешілер ансамблі, белгілі хореогроф Гүлсімай Сүндетованың жетекшілігімен «Шұғыла» би ансамблі өнерлерін көрсетті. Кеште ұлы ақын-жырауларымыздың, атақты композиторларымыздың жыр-термелерімен қатар, лирикалық әуендер де шырқалды. Кеш иесіне шара соңында БҚО мәдениет басқарма басшысы Қадырболат Мұсағалиевтің атынан және Шыңғырлау ауданы әкімінің атынан, ұстазы Баян Хабиева атынан Алғыс хат табыстады. Кеш соңында өнер сүйер қауым ыстық ықыластарын айтып, алғыстарын білдірді.