2 шілде күні Австрия елінің Вельс қаласынан бастау алған гастрольдік сапар 3 шілде күні Кремс қаласында жалғасын тапты. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаетың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әртістері, «Орал сазы» фольклорлық ансамблі және Орал қалалық «Салтанат» би ансамблі Австрия елінің Кремс қаласында еліміздің ұлттық мәдениетін таныту, фольклорлық өнерді насихаттау, қазақ мәдениетін ұлықтау мақсатында «Ұлы дала әуезі» атты концерт ұсынды. Кеш соңында Қазақстанның Австрия еліндегі елшісі Қайрат Шораұлы Сарыбай сөз сөйлеп, өнер ұжымына шығармашылық шабыт тіледі.