Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, халық күйшісі Ермек Еселұлы Қазиевті қабылдады.
Ермек Еселұлын 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық тілеп, сый-сыяпатын көрсетті. Салтанатты қабылдау кезінде Нариман Төреғалиұлы Ермек Еселұлының өнердегі жеткен жетістіктеріне тоқтала келе, алдағы уақытта мәдениет саласына қолдаулар болатынын жеткізді. Дәстүрлі күй өнерін халық арасында насихаттаушы дара тұлғаның мерейтойына арналған концерт бүгін Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында жалғасын табады.