Халықаралық «TURKSOI» ұйымының атынан Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы және филармонияның «Назерке» халық биі ансамблі Алғыс белгісімен марапатталады.
Естеріңізге салсақ биылғы жылдың
29 қыркүйегі мен 2 қазан аралығында Түркия елінде
76 елдің 6 мемлекет басшыларының қатысуымен IV бүкіләлемдік көшпенділер ойыны өтті.
Дүниежүзілік көшпенділер ойынының
ашылу салтанатына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Түркия, сонымен қатар Алтай (Ресей), Башқұртстан (Ресей), Татарстан (Ресей), Хакасия (Ресей), Тыва (Ресей), Саха-Якутия (Ресей), Венгрия, Балкан, Түрік елдерінің 1500 артисі қатысты.
Шараның басты ұйымдастырушылары Тюрксой халықаралық ұйымы.
Осы шараға Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының Назерке халық биі ансамблінің артистері де қатысып, өнер көрсеткен болатын.