18 ақпан күні Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Абай - халықтың рухани қазынасы" атты салтанатты ашылу шарасы өтті. Театр фойесінде "Абай әлемі" атты көрмесінен бастау алған шара концерттік бағдарламаға ұласты. БҚО әкімі Ғани Есқалиев сөз сөйлеп, жыл бойы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған шаралардың ресми салтанатты ашылуын хабарлап, жыл бойы концерттер мен конференциялар т.б шаралар оздырылатындығын хабарлады.